Ершікті тартқыш
Ершікті тартқыш – жеке қозғалтқышпен жабдықталған, тіркеме мен жартылай тіркемені қосып сүйреуге арналған, арнайы ершікті-тіркеу механизммен жабдықталған автокөлік құралы.[1]
1. Тартқыш.
2. Жартылай тіркеме.

3. Моторлық бөлек-жай (отсек).
4. Кабина.
5. Жатын орын.
6. Сүйір қалқанша.
7. Жанар-май бактары.
8. Ершік.
9. Шанақ.
10. Суырмалы тірек.


Артықшылықтары
өңдеу- Жоғары сыйымдылық (жүк автомобильдерімен салыстырғанда); ершікті тартқыш ұзын өлшемді жүктерге күші келеді.
- Өзіндік салмаққа қарағанда жүк көтергіштігінің жоғары қатынасы. Сәйкесінше, жоғарырақ ПӘК (Пайдалы Әсер Коэффициент) және ірі тасымалдардың төмен құны.
- Жақсы ептілігі. Артқы жүріс мүмкіндігі.
- Тіркемелер оңай алмастырылады.
Кемшіліктері
өңдеу- Жүк автомобиліне қарағанда орнықтылығы азырақ болып келеді.
- Жартылай тіркемесіз, яғни жартылай тіркеме - жартылай пайда.