Дреговичтер -(ежелгі-слав. дьрьговичи; белор. дрыгавічы - "батпақ") - шығыс славян тайпаларының бірлестігі. Припять өзенінің (Белоруссияның қазіргі Гродно, Минск, Гомель, Брест облыстары) бойын мекендеген.
Дреговичтер егіншілікпен шұғылданған. Припять бойындағы Туров қаласы Дреговичтердің орталығы болған. Х ғасырда Дреговичтер жері Киев Русіің құрамына еніп, кейіннен Туров князьдығына айналған. Припять бойында ІХ-Х ғасырдағы көптеген археологиялық ескерткіштер табылды.

VIII-IX ғ. славян тайпалары

Дереккөздер

өңдеу
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998