Герменевтика (гр. hermēneutikos – түсіндіру, талқылау)[1] — түсіндірудің теориясы мен әдістемесі,[2][3] мәтіндерді (текст) түсіндіру өнері. Ол көбіне діни мәтіндерді, әдеби шығармалардағы даналықтарды, философиялық мәтіндерді түсіндіреді.[4][5] Саяси консалтингте, мәтіндерді түсіндіріп анализдеуде және адамның немесе әлеуметтік топтың харекетін анализдеуде қолданылады.[6] Герменевтика тек тіке түсіну сәтсіз болғанда қолданылатын түсіндірмелік қағидалар мен әдістер ғана емес, ол түсіну және коммуникация өнерін (art) де қамтиды.[7]

Фридрих Шлейермахер
Вильгельм Дильтей

Қазіргі герменевтика вербалды және бейвербалды коммуникацияларды қамтиды[8][9], сондай-ақ семиотиканы, болжауды және алдын білуді қамтиды. Герменевтика гуманитарлық ғылымдарда, әсіресе құқық, тарих және теологияда кең қолданылды.

Бастапқыда герменевтика библияны түсіндіруде, тәпсірлеуде (экзегетика) қолданылған, кейін жалпы түсіндіру мәселелеріне кеңейген.[10] Герменевтика мен Экзегетика терминдері кейде ауысып қолданыла береді. Герменевтика кең салалы пән болып, ол жазбашаны, вербалдылықты және бейвербалдылықты қамтиды.[8][9] Экзегетика көбінесе мәтіндегі сөздер мен грамматикаға назар аударады.

Тарихы

өңдеу
 
Ханс-Георг Гадамер

Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен – Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.[11]

Тағы қараңыз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. "hermeneutics". Collins English Dictionary.
  2. Company, Houghton Mifflin Harcourt Publishing The American Heritage Dictionary entry: hermeneutics.
  3. Definition of HERMENEUTICS.
  4. Audi Robert The Cambridge Dictionary of Philosophy — 2nd. — Cambridge: Cambridge University Press, 1999. — P. 377. — ISBN 978-0521637220.
  5. Reese William L. Dictionary of Philosophy and Religion — Sussex: Harvester Press, 1980. — P. 221. — ISBN 978-0855271473.
  6. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  7. Zimmermann Jens Hermeneutics: A Very Short Introduction — Oxford University Press. — P. 2. — ISBN 9780199685356.
  8. a b The Routledge Companion to Philosophy in Organization Studies, Routledge, 2015, p. 113.
  9. a b Joann McNamara, From Dance to Text and Back to Dance: A Hermeneutics of Dance Interpretive Discourse, PhD thesis, Texas Woman's University, 1994.
  10. Grondin Jean Introduction to Philosophical Hermeneutics — Yale University Press, 1994. — ISBN 978-0-300-05969-4. p. 2
  11. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7