Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы
Комсомол немесе Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (БЛКЖО) – КСРО-дағы жастардың қоғамдық-саяси ұйымы. 1918 жылы 29 қазанда Мәскеуде өткен Жұмысшы-шаруа жастарының 1-съезінде құрылған. 1991 жылы тамыз бүлігінен кейін СОКП-ның жұмысына тыйым салынды[1].
Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (БЛКЖО) | |
Жоғарғы орган: | |
---|---|
Ұйым түрі: |
Коммунистік жастар ұйымы |
Басшылары | |
Бірінші хатшы РКЖО ОК |
Ефим Викторович Цетлин |
Бірінші хатшы БЛКЖО ОК |
Владимир Михайлович Зюкин (соңғы) |
Құрылуы | |
РКЖО I съезді | |
Ыдырау | |
БЛКЖО төтенше XXII съезді | |
Әнұраны | |
Ұраны | |
Мәскеу, Маросейка к-сі 3/13 | |
Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы Ортаққорда |
Қазақстан Жастар одағының құрылуы, оның мақсаты мен қызметі.
өңдеуҚазақстан Жастар одағының құрылуы Комсомолдың құрылуына тікелей байланысты болған. 1917 жылы тамызда Ресейдің социал-демократиялық партиясының Петроградта өткен 6 съезінде жастардың коммунистік ұйымын құру туралы мәселе қаралып, қаулы қабылданды. Сол қаулыға байланысты 1918 жылы қазанда Мәскеуде жастардың Бүкілресейлік 1 съезі шақырылып, осы жиында БЛКЖО құрылған. Съезде Жастар одағының бағдарламасы мен Жарғысы қабылданады. Жастар одағы коммунистік партияның тікелей көмекшісі болып, оның жұмысымен тығыз байланыста болды.
Қазақстан Жастар одағы азамат соғысы қызып тұрған кезде әрбір қалада құрылып жатты. Жастар ұйымының негізгі ұялары болған темір жол бойында 5-тен 10 адамға дейін жұмыс істейтін кішігірім зауыт, фабрикалар құрыла бастаған. Сырдария мен Жетісу облыстарында 1920 жылы қаңтарда Коммунистік Жастар одағы құрылған. 1920 жылы қаңтарда Түркістан комсомолының съезін өткізеді. Ғани Мұратбаев съезде Орталық Комитет мүшелігіне сайланған. Ол жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып бекітіледі.
Қазақ жастар ұйымын құрып, оның жұмысын жандандыруда жастардың «Жас қазақ» тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналының әсері зор. Ол РКЖО Қазақ обкомының органы болды. Журналдың алғашқы редакторлары Е. Алдоңғаров, А. Оразбаева, А. Сегізбаевтар еді.
Журнал жастарды ауылда сауатсыздықты жоюға, кеңес өкіметін орнатуға қатынасуға шақырып, ақыл-кеңес беретін материалдар басып отырды. Бұл журнал Орынборда шығып тұрды. Ал Мұратбаевтің редакторлығымен Түркістанда 1921 жылы «Жас алаш» газеті шығып тұрды, кейін ол «Жас қайрат» деген атпен қайта шығарылды. Ал 1920 жылы маусымда РКЖО ОК Қырғыз бюросын құрды. Осы бюроның жұмысы жұмысы бүкіл қазақ жастарының басын құрап, 1921 жылы шілде��е Орынборда Қазақстан Жастар одағының съезін өткізіп, облыстық комитеттер сайлайды. Сөйтіп, Қазақстанда Лениншіл Коммунистік Жастар одағының тарихы басталған.
Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағының қызметі
өңдеуҚазақстанда құрылған Жастар одағы Кеңес өкіметін орнату жолында ауыл мен қыстақты, селолар мен станцияларды аралап, сауатсыздықты жою үшін қызыл отау, театр, клуб сияқты мәдени ошақтарын ашып, аянбай жұмыстар жүргізді. Комсомол жастар жоғары оқу орындарын, техникумдарды, фабрика-зауыт сияқты арнаулы училищелерді бітіріп, ұлттық кадрлардың қатарын толықтырады. 1930 жылдары 650 мыңға жуық комсомол мүшелері сауатсыздықты жоюға ат салысқан. 1937 жылы Социалистік құрылыста осындай еңбек етіп, ерлік көрсеткендері үшін облыстық ұйымнан Қазақстанның республикалақ ЛКЖО ұйымына айналды.
Қазақстанның ЛКЖО Отан соғысы жылдарында өзінің 250 мыңға жуық мүшелерін Отанда қорғауға аттандырған. Олардың 94-і Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атаққа ие болған. Оның ішінде Шығыс қыздары арасынан қазақ қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовалар тұңғыш рет Кеңес Одағының батыры деген атаққа ие болды.
Қазақстанның Жастар одағы соғыстан кейінгі жылдары да бүлінген аудандарды қалпына келтірк мен халық шаруашылығын дамыту жолында белсенділік көрсетті. Әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеруде алдыңғы қатарда еңбек етті.
Қазақстан ЛКЖО-сында 100-ден астам ұлттар мен халықтар өкілдері болды. «Қазақстан комсомолдары 9-бесжылдыққа екпінді еңбегімен, шеберлігімен және ізденімпаздығымен өтсін» деген ұранмен белсене қатысқан. Осы ұранға байланысты 1967-171 жылдар арасында жас өнертапқыштар мен рационализаторлардың саны 2 есе өскен. 1967-1971 жылдар арасында 50 мыңнан астам жас жігіттер мен қыздар комсомолдық жолдамамен мал шаруашылығына аттандырылды.
Қазақстандағы Ленин атындағы пионер ұйымы және оның қызметі
өңдеуҚазақстанның Ленин атындағы пионер бүкілодақтық коммунистік тәрбиенің алғашқы мектебі. Ұйым 10 мен 15 жас аралығындағы оқушыларды қабылдайды. Бұл ұйым 1922 жылы 19 маусымда партияның басшылығымен және БЛКЖО жетекшілігімен құрылған.[2]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы"Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
- ↑ 11 сынып "Қазақстан тарихы" Атамұра баспасы