Бекен Бәкенұлы Жылысбаев
Бекен Бәкенұлы Жылысбаев (1923 жыл 9 мамыр Семей облысы Шұбартау ауданы Бірбет ауылы - 24 желтоқсан 2015 жыл) — әнші, Қазақстанның халық әртісі.[1]
Бекен Бәкенұлы Жылысбаев | |||||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған жері | |||||||||||||||
Қайтыс болған күні | |||||||||||||||
Қайтыс болған жері | |||||||||||||||
Мемлекет | |||||||||||||||
Мамандығы | |||||||||||||||
Ұжымдары | |||||||||||||||
Марапаттары |
|
Жанұясы
өңдеуАбақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.[2]
Әкесі - Жылысбай, ұжымшар жұмысшысы болған. Анасы - Қанымбала, ұжымшар жұмысшысы болған.
Карьерасы
өңдеуҚұрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал факультетін бітірген (1951), концерттік әнші, педагог.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры (1973 жылдан).
Кеңес әншісі (тенор) және педагог.
Концерттерде өнер көрсетеді, репертуарында - орыс, кеңес және шетел композиторларының шығармалары, халық әндері.
1951 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының солисі, жеке ән орындау оқытушысы; 1957 жылдан - жеке ән орындау кафедрасының меңгерушісі; 1973 жылдан - консерватория профессоры.
Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің 6-шы шақырылым депутаты (1957).
Марапаттамалары
өңдеу- 1955 жылы "Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі";
- 1977 жылы "Қазақ КСР халық артисі" құрметті атақтарымен марапатталған;
- Ленин, «Құрмет белгісі» (1948), екі мәрте Отан соғысы;
«Отан» ордендерімен (2004); «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске он жыл» (1955), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» (1965), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске отыз жыл» (1975), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қырық жыл» (1985), «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл» (1967), «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» (1978), «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» (1988), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске алпыс жыл» (2005) медальдарымен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының (1955, 1977, 1983), КСРО Орта және жоғары білім беру министрлігінің, Ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан республикалық кәсіподақ комитеті Президиумының (1980), Шешен-Ингуш АКСР Мәдениет министрлігі, Қазкеңескәсіподақ (1965) және т.б. құрмет грамоталарымен марапатталған.
Отбасы
өңдеуТұл ер. Жұбайы - Өмірбаева Нұрипа (1929-2003), Қазақ қыздар педагогикалық институтының кітапханашысы болып жұмыс істеген. Ұлдары -Жылысбаев Мақсат Бекенұлы (1950-1990), Жылысбаев Бекзат Бекенұлы (1953-2004); қыздары - Жылысбаева Ардақ Бекенқызы (1954 ж.т.), Жылысбаева Аида Бекенқызы (1962 ж.т.).[3]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Назарбаев Бекен Жылысбаевтың туыстарына көңіл айтты
- ↑ ШАҚАНТАЙ ШЕЖІРЕСІ( төртінші басылым ) | Kerey.kz/Керей.кз. Тексерілді, 16 қараша 2020.
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |