Бақытжан Ертайұлы Ертаев
Бақытжан Ертайұлы Ертаев (25.07.1952 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылы) - қазақ, әскери қайраткер, генерал-лейтенант. (1998), Халық қаһарманы (2008).
Бақытжан Ертайұлы Ертаев | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Лауазымы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
7 тамыз 2000 — 29 қаңтар 2002 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | ? | |||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | Нұрлан Жоламанов | |||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
9 тамыз — 13 қазан 1999 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | Мұхтар Алтынбаев | |||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | Сәт Тоқпақбаев | |||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
14 қазан 1997 — 7 тамыз 2000 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | Әлихан Жарболов | |||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірбаяны | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Білімі | Алматы Жоғарғы жалпыәскери қолбасшылық училищесі М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Дүниеге келуі | 25 шілде 1952 (72 жас) Жамбыл, Қазақ КСР | |||||||||||||||||||||||||||||||
Әскери қызметі | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызмет еткен жылдары | 1973 жылдан бастап | |||||||||||||||||||||||||||||||
Құрамында болды | КСРО Қазақстан | |||||||||||||||||||||||||||||||
Әскер түрі | Құрлық күштері | |||||||||||||||||||||||||||||||
Атағы | Генерал-лейтенант | |||||||||||||||||||||||||||||||
Басқарды | Шығыс әскери округі, Қазақстан Республикасы ҚК Бас штабы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Шайқасы | Ауған соғысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Марапаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
өңдеу |
Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.[1]
Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1973), М.В. Фрунзе атындағы Мәскеу Әскери академиясын (1985), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның 4 айлық курсын бітірген. 1969-70 жылы Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищеде курсант болып бастап, ол оқу орны Алматыға көшірілгеннен кейін сондағы жоғары жалпыәскери командалық училищесін 1973 жылы бітірді. 1980 жылға дейін Орта Азия ЭО мотоатқыштар взводы, рота командирі, 1980-82 жылы Түркістан ЭО (Кеңес әскерлерінің Ауғанстандағы шектеулі контингент жеке мотоатқыштар бригадасы мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, Орта Азия ЭО мотоатқыштар полкі батальонының командирі, одан кейін М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның тыңдаушысы (1982- 85), Германиядағы Кеңес әскерлері тобында мотополк командирінің орынбасары, Батыс әскери тобы полк командирі міндеттерін атқарды (1985-92), ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрамындағы әскери оқу орындары және шақыруға дейінгі даярлық бөлімшесінің бастығы, мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, дивизия командирі (1992-96), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның тыңдаушысы болып жүргенде ҚР Президентінің шешімімен кері шақырылып, армия корпусының командирі болып тағайындалды (1976-97), ҚР Қорғаныс министрінің 1 орынбасары -ҚР ҚК Бас штабының бастығы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының 1 орынбасары (1997— 2000), Шығыс ЭО әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Әскери академиясының бастығы (2000-02), ТМД қатысушы-мемлекеттер әскери ынтымақтастығын реттеу бойынша ҚР ҚК-нің өкілі (2002-03), ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының әскери дайындық бойынша орынбасары, әскери дайындық бас басқармасының бастығы, әскери дайындықты ұйымдастыру және бақылау Бас инспекциясының Бас-инспекторы (2002-08), ҚР ҚМ ШБК төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ ШБК Бас инспекциясының бастығы (2008- 11). Қазір ҚР ҚМ және Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы.
ҚР «Халық Қаһарманы» мен Алтын Жұлдыз белгісі, Отан орденінің иегері және Қызыл Жұлдыз ордені, «Үздік жауынгерлік қызметі үшін», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», т.б. медальдермен марапатталған.[2]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Ә.Дәуітбеков Сиқым Тоғатай шежіресі — Шымкент: ЖШС Кітап, 2015. — ISBN 978-601-7404-68-0.
- ↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |