Баку су спорты сарайы

Су спорты сар��йы (әз. Su İdmanı Sarayı) — Әзербайжандағы Баку бульварының жаңа бөлігінде орналасқан және жалпы ауданы 72 000 шаршы метрді құрайды.

Су спорты сарайы
Шынайы атауы

әз. Bakı Su İdmanı Sarayı

Орналасуы

Баку, Әзербайжан

Қаланғаны

19 сәуір 2013

Ашылған

20 сәуір 2015

Сәулетші

Рафаэль Әскеров

Сыйымдылығы

6 мың

Алаңның өлшемі

72 000 м2, 3 бассейн

Құрылыс тарихы

өңдеу
 
Спутниктік суретте құрылыс кезіндегі су спорты сарайы

2012 жылғы 30 тамызда Баку қаласында су спорты сарайын салу туралы қаулы қабылданды.[1]

Сарайдың дизайны бойынша жұмысты Рафаэль Әскеров аяқтады.[2]

2013 жылдың 19 сәуірінде Су спорты сарайының іргетасын қалау рәсімі өтті.[2][3]

2015 жылдың 20 сәуірінде Су спорты сарайының ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен оның жұбайы, «Баку-2015» бірінші Еуропалық ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мехрибан Әлиева қатысты.[4]

Сипаттамалары

өңдеу
 
Олимпиадалық жүзу бассейні

Су спорт сарайында үш жүзу бассейні бар. Негізгі бассейннің ұзындығы – 50 м, ені – 25 м, тереңдігі – 2,5 м. Бұл бассейн жергілікті және халықаралық деңгейдегі әртүрлі су спорт түрлерінен жарыстарға арналған.

Негізгі залда орналасқан биіктіктен секіруге арналған бассейннің ұзындығы – 25 м, ені – 20 м. 1, 3, 5, 7½ және 10 метр биіктіктен секіруге арналған бес сатылы платформа бар.

Сарайда фитнес-залдар, мейрамхана, конференц-залдар, кеңселер, киім ауыстыратын бөлмелер, қызметтік және қосалқы үй-жайлар жұмыс істейді.

Сарай аумағында көмекші ғимараттар мен қондырғылар, 500 автокөлікке арналған жерүсті тұрағы салынуда.

Залдың сыйымдылығы – 6 мың көрермен.[2]

Сарай Халықаралық жүзу федерациясының талаптарына толық жауап береді.

Жарыстар

өңдеу

2015 жылдың маусым айында сарайда бірінші Еуропа ойындары аясында жүзу, синхронды жүзу және суға секіру бойынша жарыстар өтті.[5]

Дереккөздер

өңдеу