БАТЭ (футбол клубы)
БАТЭ (бел. БАТЭ) 1996 жылы құрылған Беларусь футбол клубы. Борисов қаласының намысын қорғайды. Өз алаңындағы ойындарын "Борисов-Арена" стадионында өткізеді. УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турнирінде ойнаған Беларусьтағы жалғыз команда.
БАТЭ | ||||
Толық атауы |
ООО «ФК БАТЭ» | |||
---|---|---|---|---|
Құрылған жылы | ||||
Стадионы |
Борисов-Арена | |||
Сыйымдылығы |
13000 | |||
Бас жаттықтырушы | ||||
Капитаны | ||||
Жарыс |
Жоғары топ | |||
2022 |
3. | |||
Формасы | ||||
| ||||
Футболдан Беларусь чемпионаты 2017/18 | ||||
Тарихы
өңдеуНегізінен клуб 1973 жылы құрылып, КСРО чемпионатының екінші лигасында біраз жыл ойнаған. 1984 жылы таратылған. 1996 жылы клуб қайтадан құрылып, жаңа тарихын бастады. Клуб тез көтеріліп, 1998 жылы-ақ Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Осылайша 1999 жылы Еурокубоктердегі дебют маусымын өткізді. Командада сол кездері ел футболының болашақ жұлдыздары Александр Глеб, Виталий Кутузов секілді футболшылар ойнады. 1999 жылы тұңғыш рет ел чемпионы атанды.
2006-17 жылдары қатарынан 12 рет ел чемпионы атанып, Беларусь чемпионатының рекордын жаңартты.
Чемпиондар Лигасының 2012/13 жылғы маусымын керемет өткізді. Тіпті, турнирдің болашақ жеңімпазы "Баварияның" өзін 3:1 есебімен ұтып, Еуропаны таңғалдырды. Бірақ бұл ерлігі 1/8 финалға шығуға жеткіліксіз болды. Кейін "Валенсиядан" екі рет, "Бавариядан" сырт алаңда бір рет ұтылды да, топта үшінші орынға түсіп қалып, жарысты Еуропа Лигасында жалғастырды. Бірақ аталмыш раундта ��үркияның "Фенербахче" клубынан өте алмады — 0:0, 0:1.
Жетістіктері
өңдеу- Беларусь чемпионы (15): 1999, 2002, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018
- Беларусь кубогы (3): 2006, 2010, 2015
- Беларусь суперкубогы (7): 2010, 2011, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017
Құрамы
өңдеу№ | Футболшы | Ұлты | Туған күні | ||
---|---|---|---|---|---|
Қақпашылар | |||||
16 | Андрей Кудравец | 2. 9. 2003 | |||
28 | Александр Свирский | 28. 2. 1999 | |||
35 | Антон Чичкан | 10. 7. 1995 | |||
48 | Денис Щербицкий | 14. 4. 1996 | |||
Қорғаушылар | |||||
3 | Боян Настич | 6. 7. 1994 | |||
4 | Александар Филипович | 20. 12. 1994 | |||
14 | Борис Копитович | 17. 09. 1994 | |||
19 | Дмитрий Бессмертный | 03. 01. 1997 | |||
21 | Егор Филипенко | 10. 04. 1988 | |||
23 | Захар Волков | 12. 08. 1997 | |||
32 | Яков Филипович | 17. 10. 1992 | |||
Жартылай қорғаушылар | |||||
5 | Евгений Яблонский | 10. 05. 1995 | |||
7 | Евгений Берёзкин | 5. 07. 1996 | |||
8 | Станислав Драгун | 4. 06. 1988 | |||
18 | Виллюм Тор Виллюмсон | 23. 10. 1998 | |||
22 | Игорь Стасевич | 21. 10. 1985 | |||
25 | Дмитрий Бага | 4. 01. 1990 | |||
33 | Павел Нехайчик | 15. 07. 1988 | |||
88 | Александр Володько | 18. 06. 1986 | |||
94 | Эрвейн Мукам | 24. 05. 1994 | |||
Шабуылшылар | |||||
9 | Боян Дубайич | 1. 9. 1990 | |||
11 | Антон Сарока | 5. 3. 1992 | |||
15 | Максим Скавыш | 13. 11. 1989 | |||
26 | Неманья Милич | 25. 05. 1990 |
Танымал ойыншылары
өңдеу- Александр Глеб
- Виталий Кутузов
- Юрий Жевнов
- Матея Кежман
- Ренан Брессан
- Филип Младенович
- Марко Симич
- Виталий Родионов
- Дмитрий Лихтарович