Аңызақ — ауа ылғалының тапшылығынан қалыптасатын ыстық (20 - 25С), әрі құрғақ жел. Жылдамдығы 5 м-ден 15 - 20 м/с-ке дейін өзгеріп отырады, ылғалдылығы 30%-тен төмен болады.

A.
Аңызақ жел

Кездесетін аймақтары

өңдеу

Аңызақ, көбінесе, Қазақстанның оңтүстік аудандарында, әсіресе, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала, Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау, Үстірт өңірлерінде жиі әрі ұзақ болып тұрады.

Ұзақтығы

өңдеу

Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5 — 10 күн, шөлейт зонасында 40, Қызылқұмда 100 күн. Ал орташа есеппен алғанда, жылына ыстық желдің ұзақтығы 60 — 80 күнге дейін жетіп жатады.

Салдары

өңдеу

Аңызақ жел - ауыл шаруашылығына өте қолайсыз құбылыс. Оның әсерінен өсімдіктердің физиологиялық процестері (фотосинтез, көміртегі және ақуыз алмасу) бұзылады. Нәтижесінде өсімдіктердің өнімділігі төмендейді.

Алдын-алу шаралары

өңдеу

Аңызаққа қарсы күрес шараларының ең тиімділері — қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т.б. арнайы агротехникалық шаралар.

Қызықты ақпарат

өңдеу

Субтропиктік және тропиктік елдерде аңызақты самум, сирокко немесе хамзин деп атайды.