Арнольд Шварценеггер
Арнольд Алоис Шварценеггер (нем. Arnold Alois Schwarzenegger [ˈaɐnɔlt ˈaloʏs ˈʃvaɐtsənˌʔɛɡɐ], ағылш. [ˈʃwɔrtsənɛɡər]; 1947 жылы 30 шілдеде Аустрия, Штирия, Грац қаласына жақын орналасқан Таль ауылында дүниеге келген.) — американ мәдениет қайраткері, бизнесмен және аустрия тегінен шыққан актер, калифорнияның 38-губернаторы (2003 жылы сайланып, 2006 жылы екінші мерзімге қайта сайланды). 2010 жылға сайлауда өз кандидатурасын ұсына алмады.
Арнольд Шварценеггер | |
Arnold Alois Schwarzenegger | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы |
актер, режиссёр, саясаткер, кәсіпкер, бодибилдер, кинопродюсер |
Белсенді жылдары |
1970 — қазіргі уақытқа шейін |
Өмірбаян
өңдеуАрнольд Шварценеггер 1947 жылы 30 шілдеде Штирия, Грац қаласына жақын орналасқан Таль ауылында дүниеге келген. Ата-анасы Густав Шварцнеггер (1907 ─ 1972) және Ауреля Шварцнеггер, тумысында Ядрни (1922 ─ 1998). Олар 1945 жылы 20 қазанда, Густав 38 жасында, Аурелии 23 жасында үйленеді. Отбасы католиктік сенімді ұстанып, әр жексенбіде шіркеуге барады. Арнольд Arnold Alois Schwarzenegger болып шоқындырылған.
Аустрия
өңдеуӘскердегі қызметі
өңдеу1965 жылы Арнольдті 18 жасында 1 жылға австрия әскеріне шақырылады, онда ол танктің механик-жүргізуші әскери мамандығын алады. Бұндай шенді австрия армиясы тек 21 жастан жоғары қызмет иелерін ғана тағайындалатынына қарамастан келешек Калифорнияның губернаторы осы қызметке тағайындалады. Армияда алғаш рет Арнольд күнделікті ет жеуді үйренеді.
Мюнхенге көшіп келу
өңдеуАҚШ-қа қоныс аудару
өңдеу1968 жылы 21 жасында Арнольд Америкаға келеді. Өзі мойындайды, сол уақытта ол ағылшын тілін нашар меңгеріп және күшті акцентпен сөйлегендігін мойындап, ол өзіне біршама қиындық тудырғандығын айтады. Арнольдтің айтуынша, АҚШ-қа қоныс аудару оның 10 жасынан бастап арманы болған. Ол 1960 жылдың аяғы ─ 1970 жылдардың басында өзінің визасының шарттарын бұзып, елде жасырын түрде жүреді.
Мәдениет қайраткерінің мансабы
өңдеуАрнольд Шварцнеггер 15 жасында бодибилдингте өзінің мансабын бастайды. Өз автобиографиясында өзінің бірінші жаттығуынан кейін қатты шаршағандықтан тіпті бір кесе шыныны көтере алмағандығын еске алады. Өзінің спорт мансабының бірінші кезеңінде негізгі мәселе бодибилдинг сияқты сол кездегі жаңа спорт түріне қатысты тәжірибе мен білімінің аз болғандығы жайлы айтады: «артыма көз тастап, сол кезде барлығымыздың білетініміз аз екенін түсінемін». Өзінің бодибилдер конкурсындағы алғаш жеңіске жеткендігі жайлы еске алғанда, ол сол уақытта өзінде Рек Парктің суретінен басқа ештене, тіпті денеге арналған май да болмағандығын айтады.
Кинодағы мансабы
өңдеуБизнес-мансабы
өңдеуСаяси мансабы
өңдеуЖеке өмірі
өңдеуАрнольдтің жеке өміріндегі бодибилдингтегі мансабына қатысты аты шулы және аңызға бергісіз әңгімелер бар. Мысалы, бірде ол Калифорниялық жағажайда бейтаныс қызға еш тұспалдамай-ақ, ашық анайы ұсыныс жасайды. Жақын достарының бірі тез арада екеуінің әңгімесіне араласып өзінің досы АҚШ-қа жақында ғана келіп, бұл жақтың салтын білмейтіндігін қызға түсіндіріп айтады. Ал қыз: «Жоқ, жоқ, тоқтатпай-ақ қойыңыз», ─ деп жауап береді». 1969 жылы Шварцнеггер ағылшын тілінің мұғалімі Барбара Аутландты кездестіреді. Арнольд өзінің өмірбаянында Барбараны кездестіріп шын ғашық болғанын айтады.
Сілтемелер
өңдеу- Ресми сайт (ағыл.)
- Арнольда Шварценеггер мұражайы Мұрағатталған 7 сәуірдің 2015 жылы. (нем.)
- Арнольда Шварценеггер YouTube видеохостинг сервисіндегі жеке бейнедидары
- Арнольда Шварценеггер Facebook парақшасында
- Арнольд Шварценеггер Twitter сайтында
- Арнольд Шварценеггер (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
Дереккөздер
өңдеу<references>