Антониу Гутерреш

Антониу Мануэл де Оливейра Гутерреш[1][2] (порт. António Manuel de Oliveira Guterres, [ɐ̃ˈtɔnju ɡuˈtɛʁɨʃ] ; 30 сәуір 1949 жыл, Лиссабон) — португалдық мемлекет қайраткері, БҰҰ 9-шы Бас хатшысы (1 қаңтар 2017 ж. бастап). Португалия Социалистік партиясының Бас хатшысы (1992–2002), Португалия премьер-министрі (1995–2002), Социалистік интернационалдың төрағасы (1999–2005), босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары (2005–2015).

Антониу Гутерреш
порт. António Manuel de Oliveira Guterres
Антониу Гутерреш
Лауазымы
Ту
Ту
БҰҰ Бас хатшысы
Ту
Ту
1 қаңтар 2017 жыл
Ізашары Пан Ги Мун
Өмірбаяны
Партиясы Социалистік партиясы
Білімі Жоғарғы техникалық институты
Діні рим-католик шіркеуі
Дүниеге келуі 30 сәуір 1949 (1949-04-30) (75 жас)
Лиссабон, Португалия
Әкесі Виржилиу Диаш Гутерреш
Анасы Илда Кандида де Оливейра
Жұбайы Катарина Маркеш де Алмейда Ваш Пинту
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Өмірбаяны

өңдеу

Антониу Гутерриш 1949 жылы Лиссабон қаласында дүниеге келген.

1965 жылы «Prémio Nacional dos Liceus» сыйлығына ие бола отырып, Камойнш беделді мектебін бітірген.

Жоғарғы техникалық институтында жоғарғы білімді алып, кейін 1973—1975 жылдары аралығында сол оқу орнында оқытушылық қызметін атқарды. Кейбір католиктік жастар қозғалыстармен байланыста болған.[3]

1974 жылы саясатпен айналысып, Португалия Социалистік партиясына мүше болып кірді. 1992—2002 жылдары партияның бас хатшысы болған. 1995 жылдан 2002 жылға дейін Португалия үкіметін басқарды.[4]

2005—2015 жылдары аралығында Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары ретінде жұмыс атқарды.

2016 жылдың жазында БҰҰ Бас хатшысын сайлауы кезінде үміткер ретінде ұсынылды. Сол жылдың 5 қазанында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің дауыс беруі нәтижесінде Гутерриш ұйымның Бас хатшысы қызметіне ие болды.[5] 13 қазан күні БҰҰ Бас ассамблеясы Гутерришты Бас хатшы орнына сайлады. 2017 жылдың 1 қаңтарында қызметіне кірісті.[6][7]

Жеке өмірі

өңдеу

1972 жылы балалар психиатры Луиза Амелия Гимарайнш-и-Мелуге (1946–1998; қатерлі ісіктен қайтыс болды) үйленді. Осы некеден екі баласы қалды: Педру Гимарайнш-и-Мелу Гутерреш (1977 жылы д.к.) және Мариана Гимарайнш-и-Мелу де Оливейра Гутерреш (1985 жылы д.к.).

2001 жылы мәдениет министрының орынбасары (1995–1997) және мәдениет сұрақтары жөніндегі мемлекеттік хатшысы (1997–2000) болған Катарина Маркиш де Алмейда Ваш Пинтуге (1960 жылы д.к.) үйленді.[8] 1998 жылы дүниеге келген Франсишку Ваш Пинту да Кошта Рамуш асыранды баланы тәрбиелеп жатыр.[4]

Туған португал тілінен басқа испан, француз және ағылшын тілдерін меңгерген.[4]

Құрмет

өңдеу

Ұлттық марапаттар

өңдеу
  •   Португалия: Бостандық орденінің қызыл кресті (2/02/2016).[9]
  •   Испания: Католик Изабелланың ордені (14/06/2002).[10]
  •   Португалия: Иса Мәсіх орденінің қызыл кресті (9/06/2002).[9]
  •   Франция: Сіңірген еңбегі үшін Ұлттық орденінің үлкен кресті (4/02/2002).[11]
  •   Бразилия: Оңтүстік Кресті орденінің үлкен кресті (2002).[11]
  •   Жапония: Күншығыс ордені (2002).[11]
  •   Тунис: Республика ордені (2002).[11]
  •   Италия: Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін ордені (3/12/2001).[11][12]
  •   Чили: Сіңірген еңбегі үшін ордені (30/09/2001).[11]
  •   Кабо-Верде: Кабрал орденінің бірінші дәрежесі (27/04/2001)[11]
  •   Бельгия: Леопольд I орденінің үлкен лентасы (9/10/2000).[11]
  •   Испания: Карл III орденінің үлкен кресті (8/09/2000).[13]
  •   Грекия: Құрмет орденінің үлкен кресті (17/03/2000).[11]
  •   Мексика: Ацтек бүркіті орденінің арнайы санаттағы лента (2/07/1999).[11]
  •   Уругвай: Шығыс Уругвай Республикасы орденінің кавалері (10/12/1998).[11]
  •   Польша: Польша Республикасына сіңірген еңбегі үшін орденінің үлкен кресті (22/09/1997).[11]
  •   Бразилия: Оңтүстік кресті орденінің үлкен кресті (23/07/1996).[11]

Құрметті дәрежелері

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. António Guterres  (порт.). infopedia.pt (10 июня 2016). Тексерілді, 6 қазан 2016.
  2. a b c Новый генсек ООН: кто такой Антониу Гутерриш?  (орыс.). BBC (5 октября 2016). Тексерілді, 6 қазан 2016.
  3. David Santiago António Guterres é o novo secretário-geral da ONU  (порт.). Negócios (5 октября 2016). Тексерілді, 6 қазан 2016.
  4. Антонио Гутерриш БҰҰ-ның келесі бас хатшысы болып бекіді, Азаттық Радиосы. Тексерілді 13 қазанның 2016.
  5. В ООН выбрали нового генерального секретаря, РБК. Тексерілді 13 қазанның 2016.
  6. Catarina Vaz Pinto Мұрағатталған 14 қазанның 2016 жылы.
  7. a b Cidadãos Nacionais Agraciados com Ordens Portuguesas. Тексерілді, 13 шілде 2016.
  8. Boletín Oficial del Estado
  9. a b c d e f g h i j k l m Cidadãos Nacionais Agraciados com Ordens Estrangeiras. Тексерілді, 13 шілде 2016.
  10. web, Segretariato generale della Presidenza della Repubblica-Servizio sistemi informatici- reparto Le onorificenze della Repubblica Italiana. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 тамыз 2016. Тексерілді, 5 қазан 2016.
  11. Boletin Oficial del Estado
  12. Ceremony for conferral of an honorary doctorate, and lecture Mr. Antonio Guterres, United Nations High Commissioner for Refugees Meiji University, press release of November 13, 2014.
  13. Carleton to Award Honorary Doctorate to Diplomat and Global Leader Antonio Guterres Мұрағатталған 22 қазанның 2016 жылы. Carleton University, press release of January 27, 2016.
  14. Miguel Marujo (May 3, 2016), Guterres será doutor 'honoris causa' por Coimbra Diário de Notícias.