Айман — Шолпан операсы
«Айман-Шолпан», опера. Либреттосын Әуезов, музыкасын Е. Брусиловский жазған.
Премьерасы 1938 жылы 28 сәуірде болды. Қоюшы режиссерлары: Қ. Байсейітов пен А.Винер, дирижерлері - Н. Шкаровский мен Ф. Кузьмич, суретшісі - А. Ненашев. Басты рөлдерде Күләш Байсейітова, X. Нұрмағамбетова, М. Ержанов, Қ. Жандарбеков т. б. ойнады. Е.Брусиловскийдің пікірі бойынша, бұл опера қазақ музыкалық комедиясын жасаудың алғашқы талпынысы еді. Әдемі либреттоға музыкасы сай келмей, көп жері ақсап жатты, созылыңқы, тартымсыз шықты. Құрылысы жағынан тұтастық, композиторлық реттілік пен айқындық жетіспеді. Сондықтан опера ғұмыры ұзақ болмады.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601- 282-175-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |