Ажар Ғиният
Ажар Ғиният (1969, Батыс Қазақстан облысы) — мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (2022-2024).
Ажар Ғиният | ||||||
Лауазымы | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||
11 қаңтар 2022 — 6 ақпан 2024 | ||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов | |||||
Ізашары | Алексей Цой | |||||
Ізбасары | Ақмарал Әлназарова | |||||
Өмірбаяны | ||||||
Білімі | 1) Ақтөбе мемлекеттік медицина институты 2) Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті 3) Алматы Менеджмент Университеті | |||||
Дүниеге келуі | 8 маусым 1969 (55 жас) Орал облысы, Қазақ КСР | |||||
Марапаттары |
| |||||
өңдеу |
Өмірбаян
өңдеуАжар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша, 2007 жылы ��. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.
1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 меди��иналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі, дəрігер-инфекционисті.
1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.
2008-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.
2017 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2020-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.
2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.