Адал
Адал (парсыша һәлал) — шари��ат заңдары бойынша адамға рұқсат етілген, бұйырылған нәрселер: 1) жеуге жарамды азық-түлік, дәм, тағам және аң-құс, түлік түрлері; 2) күнәдан пәктік, әділеттілік мәніндегі тазалық; 3) табан ақы, маңдай термен келген табыс; 4) санитарлық-гигиеналық тазалық. Адалдық — Жаратушыға тән асыл қасиеттердің бірі. Алланың, Құдайдың адалдығына сену — мұсылмандық парыз. Барлық діни ұғымдарда адамдар Құдай алдында тең және бірдей. Сондықтан өмірде адал болу Алла алдында Адал болумен бірдей. Мұсылман әлеміндегі әлеуметтік-философиялық теорияларда адал сөзінің әділеттілік мәні бүкіл мұсылманның бір Аллаға, Алланың барлық мұсылмандарға адалдығы деп түсіндіріледі. Бұл ұғымға қарсы мағыналы ұғым — арам.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |