Ішкі конверсия

Ішкі конверсияатом ядросының қозған күйінен энергиясы аз күйге ауысуы кезінде энергиясын -квант түрінде шығармай, сол атомның бір электронына тікелей беруі нәтижесінде байқалатын құбылыс. Ішкі конверсия кезінде бөлініп шыққан электрон конверсиялық электрон деп аталады. Электрондар атомның әр түрлі ішкі қабықтарынан бөлініп шығады. Осыған сәйкес олар К-, Л-, М-электрондар, т.б. болып ажыратылады. Электронның энергиясы – конверсия ядросы ауысу мен электрон ұшып шығатын қабықтың байланыс энергиясының айырмасына тең. Конверсия электрондардың энергетикалық спектрлерін өлшеу арқылы ауысу энергиясы мен олардың мультипольдігі анықталады. -кванттарды шығару арқылы өтетін ауысу ықтималдығына қарағандағы Ішкі конверсияның ықтималдығы Ішкі конверсия коэффициент арқылы сипатталады. Бұл коэффициент конверсия электрондар ағыны қарқындылығының сол ядро ауысудағы -кванттар ағыны қарқындылығына қатынасы бойынша анықталады. Ішкі конверсия коэффициент өрістің кванттық теориясының тәсілдері арқылы есептеледі. Есептеу кезінде ядро зарядын басқа қабықтардағы электрондарының қалқалауы (экрандауы) және ядро мөлшерінің шектілігі еске алынады. Ядро ауысудың энергиясы тыныштықтағы электронның екі еселенген энергиясынан артқанда (Е02mc2=1,022 Мэв) Ішкі конверсия процесі электрон-позитрон жұбын (қос конверсия) түзу арқылы да өтуі мүмкін. Бұл процестің ықтималдығы ауысу энергиясы өскен сайын арта түседі. [1]

A.
Ішкі конверсия.

Пайдаланылған әдебиет

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 том;