'Ісік, тін өсіндісі, бластома (ағлш. - tumor) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі.

Тері бездерінің гидроаденомасы

Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, ісікке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, ісік ауруына әкелуі мүмкін. [1][2]

Қатерлі және қатерсіз ісіктердің айырмашылығы

өңдеу

Қатерлі және қатерсіз ісік айырмашылығы:

Көрсеткіштер Қатерсіз ісік Қатерлі ісік
Өсу жылдамдығы баяу жылдам
Өсу түрі экспансиялық инвазиялық
Митоздық белсенділігі төмен жоғары
Қалыпты тінге құрылымдық ұқсастығы жақсы көбінесе ұқсамайды
Ядросының құрылымы көбінесе қалыпты күйінде гиперхромды, кедір-бұдырлы,

ядрошығы өзгерген

Инвазия байқалмайды міндетті түрде байқалады
Метастаз өте сирек жиі
Шекарасы анық жай көзге көрінбейді
Кахексия дамуы болмайды болады
Некроздың дамуы сирек жиі
Жараға айналуы сирек жиі
Қайталануы сирек жиі
Строма мен пульпа арақатынасы строма басым пульпа басым

Тағы қараңыз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
  2. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8