Оңғарбек Бердібаев

23:16, 2011 ж. маусымның 22 кезіндегі Nazik ktl (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа

Бердібаев Оңғарбек(7.11.1911, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 7.1.1972, Алматы қаласы) – медицина ғылым докторы (1955), профессор. (1956), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Алматы мемл. мед. ин-ты (1937, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 19371946 ж. сол ин-тта тері-венерология кафедрасында ординатор, ассистент, доцент, 19461952 ж. Қазақстан ҒА-ның Өлкелік патология ин-тында директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры, микология секторының меңгерушісі, 19521956 ж. Қазақ тері-венерология ғыл.-зерт. ин-тының директоры, 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі болды. «Грибковые заболевания в Казахстане и пути их ликвидации» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері таз ауруын емдеу мәселелеріне арналған. Тері-венерология (трихофития, микроспория) ауруларын емдеу әдістерін табуға елеулі еңбек сіңірген. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. [1]

Пайдаланылған әдебиет

  1. Қазақ энциклопедиясы