Берг мұздығы

22:43, 2011 ж. маусымның 22 кезіндегі Nazik ktl (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа

Берг мұздығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт. беткейіндегі аңғарлық мұздық. Лепсі алабындағы Балақора өз-нің бастауында. Мұздықтың ұз. 8 км. ашық жатқан бөлігі 6,5 км. Жалпы ауд. 16,7 км2, орташа қалынд. 80 м, көл. 1,83 км3, фирн алаңы 8,0 км2, мұз тілінің ашық жері 6,3 км2, моренамен жабылып жатқан жері 2,3 км2. Фирн сызығы 3570 м биіктіктен өтеді, ең биік жері 4093 м шамасында. 1947 ж. мұздыққа көрнекті географ-ғалым Л.С.Берг есімі берілді. [1]

Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ Энциклопедиясы