Тасымалдау

  • Тасымалдау жылдамдығы (Скорость передачи; transfer rate) — бір секундта тасымалданатьш екілік ақпарат элементтерінің мөлшері арқылы анықталатын жылдамдық. Өлшеу бірлігі — бод (француз ғалымы Жан Морис Эмил Бодо есімімен аталған). Кейде бит/с немесе bps (bit per second) қолданылады. Бұл екі өлшеу бірліктерінің аздап айырмашылығы бар. Бод — құрамында қызмет бапты биттер (ақпарлар) бірге тасымалданған ақпарат мөлшерін көрсетеді, ал бит/с — тек негізгі ақпарат жеткізу жылдамдығын білдіреді.
  • Тасымалдау құралдары (Средства переноса; means of carry) — программалық жасақтамалары басқа компьютерге тасымалдауға арналған программалық және аппараттық құралдар.
  • Тасымалдау модулі (Транспортный модуль; transport module) — порттарды қарым-қатынастық желімен орайластыруды жасақтайтын есептеу желісінің логикалық құрылғысы.
  • Тасымалдау ортасы (Среда передачи) — есептеу желісінде жеткізу ортасы; (арна) мәліметтерді электрлік немесе электрмагниттік сигналдар түрінде тасымалдайды. Т.о. екіге бөлінеді: иіектелмеген (сымсыз) — электрмагниттік сигналдарды жеткізу мен қабылдауды (сигналды өзінің ішінде ұстайтын құрылғысыз) жасақтайтын жеткізу ортасы. Мысалы, эфир, микротолқындық (жербетілік және жерсеріктік) жеткізу, лазерлік жеткізу, радиобайланыс және т.б.; шектелген — электр немесе жарық өткізетін сым немесе кабель (мысалы, қос есулі өткізгіш, коаксиалды кабель, оптикалық талшықты кабель).
  • Тасымалдау тізбегі (Цепь переноса) — компьютердің қосындылауышы мен санауышындағы арнайы саражол. Ол тасымалдау цифрын бір разрядтан екінші разрядқа жеткізуге арналған.
  • Тасымалдаудың қате таңбасы (Ошибочный знак переноса; badbreak) — мәтіндік процессор программасына пайдаланушы адам қоятын тасымалдау таңбасы; тасымалдау таңбасын қойған кезде өріп жылжиды да, программа тасымалдауды таңба ретінде қабылдап, егер сөз келесі жолға тасымалданатын болса, оны сөз ортасында сақтайды.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5