Сәйлүгім жотасы
Сәйлүгім жотасы[1] — Алтай Республикасы мен Моңғолияның шекарасында, Алтай тауларында орналасқан тау жотасы. Ұзындығы шамамен 130 км, биіктігі 3500 м-ге дейін, ең биік нүктелері — Сары-Нохойыт (3502 м) және Саржемата (3499 м).
Сәйлүгім жотасы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы |
130 км |
Ең биік шыңы | |
Биіктігі |
3501 м |
Орналасуы | |
49°27′28″ с. е. 88°48′49″ ш. б. / 49.45778° с. е. 88.81361° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°27′28″ с. е. 88°48′49″ ш. б. / 49.45778° с. е. 88.81361° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
|
Жотасы құмтастардан, балшықты тақтатастардан, лавалардан және туфтардан тұрады. Биік тауларда қыналарлы және тасты тундралар басым, оңтүстік беткейлерде 2600 м-ден төмен - таулардың құба топырағында дала өсімдіктері бар аймақтар. Жотадан көптеген асулар(Ұлан-даба, Хак, Жүзтыт, Қарахая, Богусук, Хуник-даба, Сұр-даба, Байза, Аран-бажы, Саржемата, Дүрбет-даба және т.б.) бар. Сәйлүгімнің солтүстік-шығыс бөлігінде, Шұлышман өзенінің қайнар көзіне жақын жерде, мәңгі қармен көмкерілген Меңку-тайга шыңдары бар.
Климаты өте қатал, күрт континенталды. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 35-60 күн, қаңтар айының орташа температурасы -32 °C, ал ең төменгі температура -62 °C дейін төмендейді. Температура амплитудасы жылына 120 °C-қа жетеді, ал жазғы күні 30 °C-тан жоғары болуы мүмкін. Қар жамылғысының биіктігі 3-9 см, тек биік таулы жерлерде 80-100 см жетеді.
Сәйлүгім Арғұт пен Шу өзендері мен Кобдо су алабының өзендері арасында суайрық ретінде қызмет етеді.
Алтай республикасының үкіметі «Сәйлүгім» федералдық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықты ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Оның аумағы Қосағаш ауданындағы Сәйлүгім жотасында орналасқан бірнеше зоналарды қамтиды. Мұнда популяциясы саны 300-ге жуық дарадай арқарлар, ал тауешкілер — 3 мың дара, сондай-ақ қар барысы - ілбіс тұрады.
Тағы қараңыз
өңдеу- Арқанша (3511 м) — жота шыңдарының бірі.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Географиялық энциклопедиялық сөздік: географиялық атаулар / Трёшников А. Ф. — 2. — Мәскеу: Советская энциклопедия, 1989. — 407 б. — 210 000 таралым. — ISBN 5-85270-057-6.