Динара Жанабайқызы Сәтжан

Динара Жанабайқызы Сәтжан (1982 жылы 21 қыркүйекте туған, Қарағанды облысы, Жаңаарқа) — қазақстандық журналист, тележүргізуші, кәсіпкер, fashion-продюсер, қазақстандағы мультибрендті дүкендер желісінің иесі, сонымен қатар «Dinara Satzhan» брендінің иесі, блогер. Ол «Хабар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі ретінде танымал болды. «Мисс Қазақстан 2008» конкурсының жеңімпазы, «Астана» телеканалының «Статус QUO» YouTube-те бейне ролигі және «Sky Студия» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі.

Динара Жанабайқызы Сәтжан
Туған күні

21 қыркүйек 1982 (1982-09-21) (42 жас)

Туған жері

Қарағанды облысы, Жаңаарқа

Марапаттары мен сыйлықтары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

2017 жылдан «Қазақстан» ТРК Басқарма төрағасының кеңесшісі бола отырып «Qazaqstan» Ұлттық телеканалдың ребрендингімен айналысқан.

2019 жылдан Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, сонымен қатар Астана қаласындағы «Kazakhstan Fashion Week» жобасының серіктесі. YouTube-тағы бейне ролик «#НЕМИШЛЕН Динара Сатжанмен» жобасының авторы мен жүргізушісі.

Өмірбаяны

өңдеу

Арғын тайпасының шыққан.[1]

Ата-анасы

өңдеу

Анасы — Ақмарал Тоқанова және әкесі — Жанабай Сатжан. Отбасында үш бала бар: Динара, Раджив және Рауан.[2]

Балалық және жастық шағы

өңдеу

Динараның балалық шағы 1990 жылдың басына дейін Жаңаарқа ауылында өтті. Ата-анасы оған әрқашан бостандық беріп, оның бастамаларын қолдап отыратын. 18 жасында әкесі «Music Station» жеке телевизиялық жеке бағдарламасы үшін алғаш көлік алып берген. Динара әрқашан жауапкершілігі мол бала болған. Жеті жасында азық-түлік алуға жиберетін және қалтасына артық ақша беретін. Динара берген ақшаны жинап, ата-анасына сыйлықтар жасайтын. Он екі жасында өзінен кейінгі інісіне қараған. Динараның ұйымдастыру және коммуникациялық қасиеттерін ата-анасы ертерек байқаған. Ол ауладағы балаларды ойынға оңай жинап, концерттік қойылымдар ұйымдастырған. Үйде конкурстар өткізіп, шай ішіп отырған кезде тосттар айтатын, сахна мен көпшіліктен ешқашан ұялған емес. Динара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен (ҚазҰУ) білім алған.[3]

Алғашқы танымалдылығы

өңдеу

Бірінші курста «Шахар» телерадио компаниясында жұмыс істей бастады. Ол арнада Music Station музыкалық бағдарламаны жүргізді.

Еңбек жолы

өңдеу

Журналистика мен театрлардағы еңбек жолы

өңдеу

2003 жылы Динара «Южная столица» арнасында репортер және жаңалықтар жүргізген. 2006 жылы «Астана» арнасының шақыруымен Астанаға көшіп барды және осы арнаның жаңалықтар тарату бөлімінде 2008 жылға дейін жұмыс істеді. Сол ж��лы ол «Мисс Қазахстан 2008»[3] ұлттық конкурстың жеңімпазы болды. 2008 жылдың аяғында Динара «Хабар» арнасының жаңалықтар бөліміне ауысып, 2012 жылға дейін қызмет етті. 2012 жылы Динара Сатжан «Статус-QUO» жобасын іске қосты, ол бағдарламада жұлдыздар, саясаткерлер, кәсіпкерлер мен спорт өкілдерінен сұхбат алды. Бағдарламаның рейтингі өте жоғары болды. Екі жылдан кейін 2014 жылы ол «Sky-студия» жобасын көрермендер назарына ұсынды, бағдарламаны Баян Мақсатқызымен бірлесіп жүргізді. 2012 жылдан Динара «Мисс Қазақстан» жобасының тұрақты жүргізушісі. 2011 жылы «Закаты и Рассветы» атты ән жазып Шри-Ланка аралында[3] клип түсірді. Ал «Екі жұлдыз» жобасында Динара әнші Иван Бреусовпен дуэтпен ән салды. 2012 жылы Ермухамет Ертысбаевпен өткен «Status QUO» бағдарламасының алғашқы қойылымына байланысты yvision парақшасына пост жазды.

Сән дизайнерінің мансабы

өңдеу

Мәскеудегі «Mercedes-Benz Fashion Week» сән апталығында креативті директор, лондонның Сент-Мартин түлегі Бауыржан Сағиевпен бірге олар өздерінің алғашқы топтамаларын ұсынды. Жинақ қазақтың ұлы әншісі Роза Бағланованың 95 жылдығына арналды. Бір жылдың ішінде «Динара Сатжан» киімдер бренді Қазақстанның жас қыздарының арасында танымал болды. Бренд сонымен қатар Парижде және алматыдағы Kazakhstan Fashion Week сән апталығында ұсынылды.[4]

Динара Сатжанның бір жылғы орташа табысы 200 мың долларды құрайды[4].

Отбасы

өңдеу

Динараның екі баласы бар, үлкен ұлы Даниал мен қызы Диана.

Сілтемелер

өңдеу
  1. Today.kz: Мы должны сами сделать трендом одежду казахстанских дизайнеров — Динара Сатжан Мұрағатталған 28 ақпанның 2018 жылы.
  2. Forbes.kz: Динара Сәтжан: Fashion-бизнес және Мade in KZ әлемдік брендке айналуы тиіс
  3. Бизнес-интервью Vintage.kz: #БИЗНЕС. ДИНАРА САТЖАН
  4. Harpersbazaar.kz: Динара Сатжан — о вещах-талисманах и модных тенденциях

Дереккөздер

өңдеу