Кіші Қосқопа

15:19, 2011 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Kia content bot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Automated import of articles)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

КІШІ ҚОСҚОПА– Сарықопа көлінің алабындағы тұзды тұйық көл. Қостанай обл. Амангелді ауд. Қаламқарасу қонысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 111 м биіктікте. Аум. 6,8 км2, ұз. 4 км, енді жері 3 км. Жағалау бойының ұз. 11,2 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жазда айдынының көп бөлігі тартылып, шалшықты көлге айналады. Жағалауында қалың қамыс, құрақ өскен. Көл түбі лайлы. Кейбір бөліктерінде тұз тұнбалары шөккен. Суы желтоқсанда қатып, сәуірде ериді. Кейбір жылдары айдынында суы тартылып, батпақты сорға айналады. Жағалауы – шабындық.

Сурет:Сурак.jpg