Хлудов стачкалары

19:02, 2014 ж. қаңтардың 20 кезіндегі Палуан (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: "'''Хлудов стачкалары''' — Смоленск губерниясының Ярцеводағы және Рязань губерниясының Егорьев...")
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Хлудов стачкалары — Смоленск губерниясының Ярцеводағы және Рязань губерниясының Егорьевскідегі көпес Хлудовтардың мақта-мата фабрикаларында болған стачкалар. Ярцево фабрикасынкасындағы стачка 1880 ж. 9 қыркүйекте басталды. Оның тууына 1 қазаннан өнімнің нарқын белгілеу дәрежесін 10%-ке төмендету, түрлі айып төлеу, ақша ұстап қалу себепші болды. Егорьевск фабрикасындағы стачка 1893 ж. 25 мамырда басталып, 7 тамызға дейін созылды. Оның тууына шеберлердің парақорлығы, 2 сменалық (12 сағаттан) жұмыстың енгізілуі себепші болды. Ереуілге шыққан 3 мыңнан астам жұмысшылар жалақыны арттыру, айына 2 рет есеп айырысу, мереке және жексенбі күндері түнгі жүмысты тоқтатуды талап етті. Егорьевск стачкасын жаншып басуға бір полк жіберілді. Дегенмен әкімшілік бірқатар нарақор қызметшілер мен шеберлерді шығаруға, ірі мерекелер қарсаңында түнгі сменаны тоқтатуға мәжбүр болды.[1]

Дереккөз

  1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы